Бүгін православ христиандары үшін өлі әруақтарды еске алу күні
Бүгін қалалық бейіт басына мыңдаған адам жиналды. Православ христиандары туған-туысқандарының зиратына зиярат етіп, азагүлдерін қойды. Өлі әруақтарды еске алды. Бұл күн Пасха мерекесінен соң 9 күннен кейін аталып өтеді. Қалалық бейіт басында-ығы-жығы халық. Көліктің көптігінен зиратқа кіреберісте көлік кептелісі пайда болды. Жол полициясы басқармасының сақшылары көлік қозғалысын реттеуге тырысты. Астында көлігі жоқтарға да жағдай жасалыпты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін сағат сайын қалалық зират басына автобустар қатынап жатыр. Бүгін гүл сатушылар мен такси қызметтерінің де саудасы қызды. Тұрғындардың айтуынша, бағалары да шарықтап кеткен. Қымбатшылыққа қарап жатқан халық жоқ. Себебі, қорым басына жиналғандардың айтуынша, бұл күні әруақтар жақындарынан бір сәт еске алғанын дәметеді. Бейіт басына келгендер дініне қарамастан, таныстарының, жолдастарының зиратына барып, тәу етіп жатыр. Қолында шоқ-шоқ гүлі бар Раиса Додик біраз жылдар бойы облыстың ішкі істер саласын басқарған Серік Есімовтің бейітінің басына барып, гүл шоқтарын қойды. Баламның басшы болатын, дейді. Жиналғандар "өлі риза болмай, тірі байымайтынын" жиі қайталады. Мына дүниенің өткінші екенін ұмытпайық, өлі әруақтар үшін бұл күні жасалған әрбір әрекет оларға ана дүниенің жеңілдігін береді десті қорым басындағы жұртшылық. |
Количество показов: 2135
Дата создания: 14.05.2013 17:39:59