Бүгін мұсылман қауымы Қадыр түнін қарсы алады
Мұсылмандар бүгін түнде қасиетті Қадыр түнін күтеді. Бұл түннің ерекшелігі Рамазан айында болады, сонымен бірге сауабы жағынан сәйкес келетін түн жоқ. Қадыр түнінің пайдасы - мың айдан артық. Бұл түнде намаз оқысаңыз, 84 жыл намаз оқып шыққанмен бірдей. Қадыр түнінде біздің дұғамыз қабыл болады. Дәл осы түні көктегі періштелер жерге түседі. Егер, сіз садақа берсеңіз, онда 84 жыл берген болып есептелесіз. "Қадыр" сөзі - «құрмет», «тағзым» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түні мұсылмандар таң атқанша көз ілмей, Алла Тағала атына мадақ айтады. Биылғы қадыр түні 14-ші тамызға келіп тұр. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Алланың мейірімі төгіліп тұрады. "Қадыр түнін" қалай қарсы алған абзал? Бұл түні не істеу керек? Ең әуелі- ғибадатпен өткізу. Құран Кәрім оқып, тәубе, дұға ету, садақа беріп, мұсылмандарды қуанту керек. Қадір түнін ғибадатпен өткізген, рамазан оразасын тұтқан, қажылығы қабыл болған адамның бүкіл күнәлары кешірілгенімен, қаза қылған намаз, ораза қазасы және құл ақылары өтелмейді. Бұлардың қазасын оқып, ақыларын өтеп, қарыздарынан құтылу қажет. |
Количество показов: 4791
Дата создания: 14.08.2012 19:17:17