Бүгін-халықаралық шай күні
Шай қазақ үшін аса қадірлі сусын. Дастарханның сәні. Әр тамақта шай бірге жүреді, "кісі келді", кісі кетті" деп дастархан жайылып, шай құйылып жатады. Кейде үлкендеріміз "Шай болмаса басым ауырады" деп айтады. Мұндағысы жай шай ғана емес, "бірге ас ішейік, бірге бас қосайық" дегенге келеді. Шай қазақта кәдімгі ас ретінде қабылданып, әдет-ғұрыпына сіңіп кеткен.Соңғы кездері шайдың өзектілігі жастар арасында жоғалып бара жатқандай. Біреуі зиян немесе еш пайдасы жоқ деген пікірде, біреуі кофеге бет бұрған. Қазір қаламыздың әр бұрышында кофе сататын дүңгіршіктер жетерлік. Отырып ішесің ба, жоқ әлде өзіңмен ала кетесің бе өзің білесің. Ал демалатын орындарда сүтті шай емес, адамдардың түрлі жеміс шайларын ішіп отырғандарын байқаймыз. Әйтсе де сүт қатқан, қою шай да өзектілігін жоғалтпайды. Қазақтардың шай ішуі рәсімге айналды.Қонаққа деген құрметі шайды кім және қаншалықты құйғанына байланысты ажыратылатын болды. Егер шайды кесеге толтырып құйып беретін болса, сіз шықырылмаған қонақ ретінде қабылданасыз. Шайды аздап: жартылай немесе кесенің түбіне құятын болған. Алдымен сүт құяды, содан кейін барып шайды құяды. Қазақстан үлкен ел және шай ішу рәсімі әр өңірде әртүрлі.Количество показов: 458
Дата создания: 22.05.2024 07:31:25