Бүгін- энергетиктер күні. Өңір халқын жарықпен қамтып отырған жергілікті "Энергожүйе" серіктестігі мерекеге орай әріптестерін онлайн байланыс арқылы құттықтады. Кәсіпорын осы заманғы технологияларды пайдалана отырып, биыл біршама жаңарту жүргізген. Қала мен шалғай аймақтарда орналасқан ірі және кіші электростанциялары толықтай жөндеуден өткен. Еліміздегі кәсіби мерекелер күнтізбесі бойынша желтоқсанның үшінші жексенбісі- энергетиктер күні. Осыған орай өңірімізді электр жарығымен қамтушы мекеме қызметкерлері марапатқа ие болды. Айтып өту керек, облысымызда энергетика бағытында 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Төл мерекелері қарсаңында солардың жүзге жуығы құрметке бөленген. Облыста энергетиктердің еңбегі бағалы. Біздің бір күндік энергияға деген тәуелділігіміз қыстыгүні 400-450 мегаватқа жетеді. Оның 70-80 пайыздайы өзімізде өндіріледі. Қалғаны солтүстік аймақтардан тасымалданады. Алдағы уақытта осы көрсеткішті жоғарылату үшін біршама жобалар әзірленуде. Егер мақсат іске асса, алдағы екі жылда сырттан тасымалданатын электр жарығына тәуелділіктен арыламыз.
Биыл мекеменің қаражаты есебінен қаладағы бірнеше ауданның мыңнан аса шақырым электр желілері жаңғыртылып, 200 дана трансформатор ауыстырылды. Нәтижесінде 113 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жаһан жасыл экономикаға бет бұрған тұста жалғасын таба бермек.
Количество показов: 733
Дата создания: 20.12.2020 19:06:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>