Бүгін - дүниежүзілік радио күні. 1925 жылы осы күні Парижде халықаралық радио сүюшілер одағы құрылды. Сондай-ақ, бұл мерекеден бөлек, 18 ақпанда дүниежүзілік радио сүюші күні аталып өтіледі. Халыққа сыңғырлаған дауыстары арқылы танылған радио қызметкерлері бұл мерекені де өз араларында атап өтіп жатыр. Жергілікті жиіліктерде түрлі танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, байқаулар өткізілді. Дүниежүзілік радио күні– 2012 жылы алғаш рет атап өтілген мереке. ЮНЕСКО-ның бас конференциясында 2011 жылы аталған мерекені жыл сайын 13 ақпанда тойлау бекітілген болатын. Бұл күнді белгілеудегі басты себеп – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасқан стансадан 1946 жылы 13 ақпанда «БҰҰ радиосы» эфирге жол тартты. ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, жер шарында 44 мыңнан астам радио стансасы бар. Шұғыл ақпарат таратуда радионың маңызы зор. Халықаралық радиохабар таратушылар арасындағы ықпалдастықты арттыруды көздейтін мереке әр жыл сайын өзіндік тақырыппен атап өтіледі. Радио күніне байланысты ақтөбелік тыңдармандардың пікірін білдік. Әртүрлі жастағы тұрғындар радионың орнын ғаламтор басып бара жатқанын жасырмады. Жергілікті үздік радио- Ақтөбе радиосы 20 жылдан бері хабар таратып, айшықты оқиғалар, сүбелі сұхбаттар мен рухани-мәдени құндылығы жоғары бағдарламаларды тыңдаушылар назарына ұсынып келеді. Жыл сайын бағдарламалар тізбегін жаңартып, ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып отыр.
Ақтөбе радиосы жүргізушілерінің жаңа маусымға әзірлеген жаңа бағдарламалары жетерлік. Әзіл аралас интерактивті хабарлар мен "Көңілді кеш", "Қала сізбен байланыста" атты танымдық бағдарламалары сүйікті тыңдармандарына жол тартты.
Количество показов: 914
Дата создания: 13.02.2020 18:47:15
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>