Бүгін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Бүгін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Ақтөбелік экологтар кәсіби мерекелерінде қоғамдық жұмысқа жұмылдырылды. Атап айтқанда, облыстық экологиялық департамент қызметкерлері "Жасыл ел" студенттер жасағымен бірігіп, Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы өзенінің жағасын күл-қоқыстан тазартты. Экологтарға көмекке келген студенттер саны 300-ге жуық. Олардың тең жартысы Қарғалы өзені маңын жинады. "Жасыл елдің" 150-дей мүшесі Ақтөбе су қоймасы жағасын қоқыстан тазартты. Экологиялық департамент қоқыс таситын 10 Камаз көлігін бөлді. Сондай-ақ жұмысшыларды қалдықтар салатын қапшықтар, қолғаптар, құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Қазір қалада 700 студент тазалық жұмыстарына тартылған. Бұл студенттік жасақтардың алғашқы легі. Қыркүйекке дейін олар бірнеше мәрте ауысады. Алдымен аз қамтылған отбасынан шыққан жастар қабылдануда. Биыл үздік жасақтарға берілетін бағалы сыйлықтар қатарында жеңіл көлік бар. |
Количество показов: 2734
Дата создания: 05.06.2013 19:11:14