Бүгін бүкіләлемдік гуминитарлық көмек күні. Жаһандық пандемия кезінде өңірге шетелден жеткізілетін көмек түрлері едәуір артқан. "Қызыл Ай" қоғамының облыстық филиалының мұрындық болуымен шілде-тамыз айларында мыңға жуық жанұяға қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарлары таратылған. Алда Еуропадан жеткізілетін жуынуға арналған сұйықтықтар қала мен 12 ауданға үлестірілетін болады. Толығырақ келесі бейнесюжетте. "Қызыл Ай" қоғамы облыстық филиалы ұзақ жылдардан бері тұрақты жұмыс атқарып келеді. Филиал басшысы Нұрлан Үдербай мекеме тек бүгін ғана емес, жылдың әр күнінде гуминитарлық көмек атқаратынын алға тартады. Өйткені бұл қоғамның көздегені де сол. Қиын жағдайда қалғандарға қол ұшын беріп, дер кезінде әрекет ету. Жаһандық пандемия кезінде филиалдың жұмысы екі есеге артқан. Өткен төрт айдан бері облыстық "Қызыл Ай" қоғамы Германия, Финляндия, Ресей, Қытай мен Америка, Біріккен Араб Әмірлігінен жеткізілген гуминитарлық көмектерді мұқтаждарға үлестірген. Филиал құрамында қазір 95 ерікті жұмыс істейді. Еріктілер төтенше жағдай, іздеу, көмек тарату, медицина, спорт салаларында қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мекеме құрамында тұрақты түрде келіп жүруге уақыт тапшы болса бір реттік көмек көрсетуіңізге болады.
Қазіргі уақытта Германиядан жеткен гуманитарлық көмекті тарату мерзімі аяқталған. Қыркүйектің басында осы елден жеткен 10 мың дана жақпа майлар, жуынуға арналған сұйықтықтар қала мен аудан ауруханаларында еңбек ететін дәрігерлерге таратылып берілмек. Бұдан бөлек қоғам құрамындағы еріктілердің көмегімен әлеуметтік маңызы бар нысандарда, саябақтар мен аялдамаларда бетперделер мен медициналық қолғаптар жұртшылыққа үлестіріледі.
Количество показов: 761
Дата создания: 19.08.2020 18:29:38
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>