Бүгін қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туған күні
Ақтөбе халқы қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға тағзым етуді ұмытқан жоқ. Әлияның ерлігіне бас июді парыз деп білетін тұрғындар таңертең мемориалды кешенге ағылды. Ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, әскерилер мен жастар. мергін қызды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Қазақ халқы үшін, ақтөбеліктер үшін Әлияның орны бөлек. Қобда жерінде туылып, Неваның суын ішкен, жастайынан өжет өсіп, майданға өздігінен сұранған, жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған батыр қызды Ақтөбе елі мақтан етеді. Батыр қыз жайлы білгің келсе Әлия Молдағұлова мемориалды музейіне бар. Бұл жер мектеп оқушылары үшін патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болса, шаһарға келуші меймандар үшін қаланың мәдени әрі тарихи орындарының бірегейі. Себебі, Ақтөбе жұрты Әлиядай батыр қызының ерлігімен мақтанады. "Батырлықтың қасиетті тұмары" атты шараның өтуіне де мұрындық болған музей.Количество показов: 379
Дата создания: 15.06.2024 05:51:09