Бүгін Ақтөбенің ауасы шамадан тыс ластанды
Қаланың әуе кеңістігінде зиянды қоспалардың жоғары болатындығы туралы ескертудің тұрғындарға қатысы жоқ. Бұл - төтенше жағдайлар департаменті мен өндірістік кәсіпорындарға жасалған ескерту. "Қазгидромет" орталығы Ақтөбе облыстық филиалының мамандары бүгін осындай мәлімдеме жасады. Синоптиктердің айтуынша, бүгін ауаның қалыпты нормадан әлдеқайда лас болғаны рас, бірақ, халықтың өміріне қауіпті деңгейде емес. "Қыркүйектің 24-де, яғни бүгін қалада ауаның ластануы күтілуде". "Теле2" және "Билайн" ұялы байланыс қызметін пайдаланушыларға кешеден бері осындай хабарламалар түсіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінен жіберілген СМС-ескертулер халықты дүрліктірді. "Қазгидромет" мекемесі Ақтөбе филиалының маманы Айгүл Сайымова ескертудің тұрғындарға қатысы жоқ дейді. Бұл - төтенше жағдайлар департаменті мен өндірістік кәсіпорындарға жасалған ескерту. Метеорологтар бүгін қалада ауаның ластануы ең жоғары көрсеткішке жететіндігін орташа тәуліктік көрсеткіштерге қарап болжаған. Бөлім басшысы Айгүл Сайымованың айтуынша, Ақтөбе шоқының үстінде желдің өтінде тұрған қала. Сондықтан, желсіз күндер аз. Ал, ауаның ластану көрсеткіші тымық, тұманды күндері жоғарылайды. |
Количество показов: 1978
Дата создания: 24.09.2013 19:16:49