Бүгін 26 маусым - Халықаралық нашақорлықпен күрес күні
Бүгін Пушкин атындағы саябақта нашақорлықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында профилактикалық шара өтті. 26 маусым - Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне ұйымдастырылған шараға облыстық ЖИТС орталығының мамандары мен қалалық емхана дәрігерлері қатысты. Ақ халаттылар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, бүктемелер таратты.Нашақорлық бұл белгілі бір препаратты қолданудан туындаған және есірткіге патологиялық тартумен анықталатын аурулар тобы. Облыста 171 адам есірткіні қолдану арқылы АИТВ инфекциясын жұқтырған. Қазіргі таңда бұл науқастар ем - дом шараларын қабылдап жатыр.Количество показов: 334
Дата создания: 27.06.2024 11:31:26