Бұдан былай өндірістік тәжірибе студентке еңбек өтілі болып жазылады
Бұдан былай өндірістік тәжірибеден өткен жерінде студентке еңбек өтілі жүретін болады. Орта арнаулы оқу орындарына дуальды оқыту жүйесі бұған дейін енгізілген. Техникалық мамандыққа оқып жатқан студенттер білім алуға бөлінген уақыттың 40 пайызын кәсіпорындарда тәжірибе шыңдаумен өткізеді. Осы үшін жалақы да алып жүр. Енді іс-тәжірибеден өткен уақыты еңбек өтіліне жазылады. Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері көп уақыттарын өндіріс орындарында өткізетін болған. 11 мамандық бойынша білім беретін оқу орны қаладағы 171 кәсіпорынмен келісімшартқа отырыпты. Сол кәсіпорындарда студенттер тәжірибелерін шыңдап жүр. Жұмысқа икемі бар студенттер еңбек етіп, жалақы да алып жүр. Бұл әрине ата-ана үшін де, студенттің өзі үшін де пайдалы. Сабақтан қол үзбей жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Қазір 3-ші, 4- ші курс студенттері толық өндірістік тәжірбиеден өтіп жатыр.
Ақтөбедегі политехникалық колледжінде биыл 179 студент дуальді оқыту жүйесіне көшкен. Олар "Ақтөбемұнайгаз" АҚ, Ақтөбе хром қорытпа зауыты, "Қазхром" компаниясы сияқты ірі өндіріске араласқан. Жалпы еліміз бойынша барлық колледж қазір осы оқу жүйесіне көшкен. Дуальды оқыту жүйесі талабы бойынша уақыттың 60 пайызы оқуға, 40 пайызы өндірістік тәжірибеден өтуге бөлінеді. Жұмыс жасайтын орнында студентке еңбек кітапшасы ашылып, еңбек өтілі жүреді. Жас маманның дипломмен қатар еңбек тәжірбиесі болғандықтан болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұлғаяды.
Количество показов: 613
Дата создания: 08.02.2021 20:03:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>