Қазына қорындағы 5 миллиард теңге игерілген жоқ
Игерілмей қалған облыстық бюджет қаражаты ауқымды-5 млрд теңгеге жуықтайды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған басшылардың қатарында бірнеше мемлекеттік мекеменің жетекшілері, атап айтқанда құрылыс, жолаушылар тасымалы басқармасының қызметкерлері, аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары бар. Бүгін облыстьқ мәслихаттың кезекті отырысында олардың аттары аталып, игерілмей қалған қаражаттың көлемі де айтылды. Құрылыс саласына бөлінген қаржының игерілмей қалу себептері де белгілі болды. құжаттар рәсімдеу ұзаққа созылып кеткен. Қағазбастылықтың кесіренен бөлінген ақша жұмсалмай қалған.2023 жылы жалпы облыстық бюджеттен 226 бағдарламаға 520 млрд теңге бөлінген. Қаражаттың жартысанан астамы білім беру саласына бағытталды. Қазына қаражатының басым бөлігі әлеуметтік салаға бөлінген.
Количество показов: 298
Дата создания: 28.05.2024 06:24:03