Бүгін "Трансэнерго" АҚ-ның бір топ маманы қалалық сүт зауыты ауданындағы азық-түлік дүкеніне жетті. Сауда орнының қожайыны жылумен қамтамасыз ететін мекемеге былтырдан бері ақы төлемеген. Мамандар оны бүгін де таба алмады. Сатушының айтуынша, иесі қалада жоқ. Берешегі 310 мың теңге. Бірнеше рет ескерту жасалған. Нәтиже болмағандықтан "Трансэнерго" АҚ сотқа шағымданған. Алайда, кәсіпкер оған да құлақ аспай отыр. "Трансэнерго" АҚ қызметкерлері сол жерде акт толтырып, ыстық суды тоқтатып тастады. Құбырдың қиысқан төрт жерін арнайы құралмен бекітті. Ыстық су мен жылуға ақтөбеліктер 50 млн. теңге қарыз. Кейбірінің берешектері 2-3 жыл бойы жиналған. Шаһарымызда қарыздары көлемді заңды тұлғалар көп. Жылу маусымы аяқталғаннан бері бірнешеуі жылу жүйесі мен ыстық судан ажыратылған. Қарыздары толық өтелмейінше құбыр қалыпқа келтірілмейді. Дегенмен, мамандар кәсіпкерлер мен тұрғындарға жеңілдік жасауға дайын. Қарызының жартысын төлеген соң кепіл қағаз жазып, бірнеше айға қалған берешегін бөле алады. Алайда, ақтөбеліктер мұндай жеңілдікті пайдаланбай отыр.
Жылу берушілердің айтуынша, ақтөбеліктер арасында жалған ақпарат беретіндер көбейген. Әсіресе, қарызы бастарынан асатын үй немесе дүкен иелері жалға алушы немесе пәтер жалдаушымыз деп жиі алдайды. Ақпараттардың өтірік-расын тәртіп сақшыларының көмегімен анықтайды.
Количество показов: 1583
Дата создания: 02.08.2017 17:31:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>