Қазақстандық ауған соғысы ардагерлері көлік шеруіне шықты
Тараз қаласындағы ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен жолға шыққан автошерушілер бүгін Ақтөбеге келіп жетті. Қалада олар ең алдымен Есет батыр көшесіндегі ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлеріне арналған ескерткіш басына аялдады. Азаматтар қаруластарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Көлік шеруіне қосылып, көшелерді бірге аралаған ақтөбелік майдандастары жолаушыларды Батыс Қазақстан облысына қарай шығарып салды. Ақтөбедегі "Жауынгер-бауырластар" қоғамының басшылығы қазір Әлия Молдағұлова соғысқан жерлерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қалада қалғандары қонақтарды лайықты қарсы алды. Тараз қаласынан бүгін жеткен автошерушілер ең алдымен парыздарын орындап, елге оралмаған ақтөбелік ауған соғысы жауынгерлерін еске алу үшін ескерткіш басына жиналды. Тараз қаласындағы ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен екі жол талғамайтын көліктен автошеру жасақталған. Топ құрамында 4 адам. Тараз-Шымкент-Қызылорда қалалары арқылы бізге келген олар автошеруге қосыламын дегендер болса ерітіп жүруге дайын. Ән фестивалі болғандықтан автошерушілер Ресейге екі ән дайындап алып бара жатыр. Әндердің авторы Александр Остапенко. Ол "Ауған жерінен естелік әнін" ескерткіш басында гитарамен орындады. Автошеру қала көшелерін айналып өтіп, Орал қаласына жол тартты. Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресейдің Орынбор облысындағы Бузулук қаласына жетеді. |
Количество показов: 2013
Дата создания: 05.08.2013 17:57:41