Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды
Елдегі салық жүйесіне жаңа жеңілдіктер енгізілді. Мәселен, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың көлік, жер, мүлік салықтарын төлеу мерзіміне бірқатар өзгерістер енді. Оның ішінде көлік салығын өтеу мерзімі ұзартылған. Яғни өткен жылдың міндетті төлемі 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін өтелуі тиіс. Айта кетейік, өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалардың қарызына қосылған өсімпұлдарды есептен шығару рақымшылығы жүргізілген болатын. Борышкерлерге салығын төлеуге бір уақыт беріледі. Ескерту жасалады, әкімшілік айыппұл салынады. Сот шешімімен мәжбүрлі түрде шара қолдану - бұл соңғы қадам. Салық сомасы көлік қозғалтқышының түрі мен қуатына байланысты белгіленеді. Сондай-ақ көлік салығын төлеу үшін "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банк қосымшаларын пайдалануға болады. Жедел қосымшасын жүктеу тегін.
Количество показов: 688
Дата создания: 26.03.2021 19:52:48