Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді
2 қыркүйекте Қазақстан астанасында парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Парламент сенаты мен мәжілістің бірлескен отырысында "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" деген тақырыппен халыққа жолдауын жариялаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеді.Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы "200-ге жуық" атом электр станциясы барын айтқан президент, "бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді" деді. Сарапшылар да Қазақстанның қазіргі көлемде өндіретін электр қуаты 2030 жылға қарай аздық ететінін мәлімдеген болатын. Қазақтың сайын даласына қуат беретін станса керек пе? Ақтөбеліктердің айтары бар. Бірі АЭС тен келер қауіп зор десе, енді бірі қолдау білдірді. Қазір әлем бойынша 32 елде 441 атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. АҚШ, Франция, Жапония және Үндістан көшбасшы елдердің қатарында. Алдағы онжылдықтарда Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркияда салынбақ. Қазақстан да дайындықты бастап жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі – шешім қабылданған күннен бастап шамамен 10-11 жыл. 2023 жылы реактор жеткізушісін анықтасақ, 2035 жылы пайдалануға беруіміз мүмкін. Мамандар АЭС салу кезінде III және III+ буынды ядролық реакторларды қарастыру қажет екенін атап өтті. Бұл әлемде сыналған және сенімді технологиялар.Количество показов: 360
Дата создания: 04.09.2024 08:58:01