Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылады
Зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдыққа сай елімізде жақын уақытта Біріңғай қор құрылып, еліміздегі барлық жеке зейнетақы қорлары осы қордың құрамына қосылуы тиіс. Қордың құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болады деп күтілуде. Ал зейнетақы активтерін инвестициялау мен басқару міндеті Ұлттық Банкке беріледі. Қазір елімізде 10 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Жаңа жүйеге сай бұл қорлардың барлығы біріңғай зейнетақы қорына бірігеді. Ал бұл дегеніміз халықтың жылдар бойы жинаған қаржысының бір қорға келіп қосылуы. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша азаматтардың жинақтарының жоқ болып кетпеуіне мемлекет кепіл болады. Алайда қарапайым тұрғындардың бойында үрей бар. Зейнетақы жүйесін жаңартудың басқа да аспектілері бар. Соның бірі қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан әйелдердің зейнетақы жасын ұлғайтуға қатысты. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша аталмыш мәселеге қатысты әзірге біржақты шешім қабылданған жоқ. Бұл ретте басқа елдердің оң тәжірибесі мен халықтың пікірі барынша есепке алынатын болады. |
Количество показов: 2205
Дата создания: 26.03.2013 18:31:13