Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімді 23-қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барысында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті. Бұл тұрғыда ақтөбеліктердің пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі ауыр қылмыс жасағандар мұндай жазаға лайықты екендерін айтты. 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырды. Бұл халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды.
Количество показов: 788
Дата создания: 24.09.2020 18:24:13