Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға уағдаласты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды талқылады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен. Соңғы мәліметтер бойынша , Ресейде жағдай ушығып тұр. Коронавирус індетінен көз жұмғандар саны бірінші рет ең жоғарғы деңгейге жеткені белгілі. Ақтөбеліктер болса, екі мемлекет бірігіп вакцина шығарса, індеттің таралуы төмендейді деген пікір айтуда. Ресей мен Қазақстанның мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескенде, коронавирус пандемеясына қарсы күресте ынтымақтастықты дамытуға аса мән берген. Болашақта Қазақстан аумағында ортақ вакцина шығаруды ұйымдастыру жағы қаралды», - делінген ресми хабарда. Соңғы деректер бойынша Ресейде індет ушығып кеткені белгілі. Бір тәулікте қауіпті дерттен 432 адам көз жұмған. Сондықтан екі ел бірігіп коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын болса, ол Қазақстанда жасалуы мүмкін. Қазір денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен елде Германияда шығарылған вакцинаны тәжірибеден өткізу мәселелері қарастырылуда. Өнімді шығарушылар жағы қорғаныс құралының тиімділігі 90 пайыз болуы мүмкін деп сендіруде. Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметнше, әлемде коронавирусқа қарсы оншақты вакцина тәжірбиеден өткізілуде. Егер нақты вакцина бекітілсе , елімізде 3 млн адам оны тегін ала алады. Алдын ала жасалған келісім бойынша Ресейден вакцина алу жөнінде ресми ақпараттар бар.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жасау ісімен екі ұйым айналысып жатыр. Олар: Биологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ғылыми зерттеу институты мен Аграрлық университеттің халықаралық вакцинология орталығы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында Қазақстанда жасалған 4 вакцина тіркеуге алынған екен. Олардың екеуі бүгінде сынақтан өтіп жатыр.
Количество показов: 751
Дата создания: 12.11.2020 17:56:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>