Қазақстан аумағындағы негізгі магистральдық газ құбырлары бүгінгі күні ескіріп, әбден тозығы жетіп тұр. Мысалы, Ақтөбе облысындағы магистральді газ құбырының ұзындығы 4 мың шақырымнан асады. 8 ірі компрессорлық бекет, 48 газ тарту агрегаты, 35 автоматты газ тарту станциясы жұмыс жасап тұр. Оның басым бөлігі өткен ғасырда салынған технологиялар мен агрегаттар. Өңірдегі газ айдау агрегаттары мен автоматты газ тарту станцияларын біріктірген ірі кешенде газ тасымалдаудың жұмыс режимін сақтау үшін түрлі жоспарлы жұмыстар қолданылады. Газ құбырларының өткізу қабілетін сақтау үшін жылда тазарту жұмыстары өткізіледі. Құбырішілік диагностика жүргізіледі. Ақтөбе магистральді газ құбырлары басқармасының филиалы директорының бірінші орынбасары Қуаныш Ахметовтің айтуынша, дайындық жұмыстары тыңғылықты.
Қазіргі таңда ішкі нарықта газды тұтыну көрсеткіші біршама өскен. Облыстан тыс жерлерге тасымалдау да әлдеқайда жоғарылаған. Әйткенмен, мұнай-газ саласының майталмандары өңірдегі магистарльды газ құбырының өткізу қабілетін арттыру қажеттілігі туындағанын алға тартады. Облыста магистральді газ құбырларының ұзындығы 4 мың шақырымнан асады. Желі тәулік бойы газ тасымалдау жүйесіне қосылған. Компрессорлы станциялар, газ тарту агрегаттары сонау 1960 жылдары салынған. 60 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұрған газ кешендері жүйелі жаңартуды қажет етеді. Кей құбырлардың тозғаны соншалықты, тұтынушыларды газбен тұрақты жабдықтау жұмыстарына қауіп төнуі мүмкін.
Количество показов: 645
Дата создания: 11.03.2021 16:51:23
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>