Қазақстан қауіпсіздік күштері дайындық жағдайына келтірілді
Ауғанстандағы жағдай бойынша президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет кеңес өткізді. ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте өңірдегі жағдайды қадағалауға байланысты қабылданатын шаралар жарияланды. Мәселен арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері, майдан және әскери-көлік авиациясы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қырағылықты күшейтетін болады. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өңірдегі ахуалды бақылау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды. Қазақстанның Ауғанстанмен ортақ шекарасы жоқ. Бірақ көршілерде тұрақсыздықтар болса, идеологиялық шабуыл елге де әсерін тигізеді. Әсіресе Ауғанстандағы басқа террористік топтар құйтырқы әрекеттерге баруы мүмкін. Мәселен ол жақта "Ислам мемлекеті" террористерінің саны белгісіз. Күндердің күнінде олар "Ислам мемлекетінің" содырлары болып жүріп, ертең тәліптер, кейін қарапайым ауғандық бола салады. Сондықтан саясаткер Амангелді Айталы оларға қарсы тұру үшін еліміз дайын болу керек деген ойда.Бұл жағдайда еліміздің оңтүстік шекарасы аса қырағы болу керек. Өткен кеңесте Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілердің кезекшілік атқаруы бойынша жүктемені бірдей бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ барлық студенттер мен жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқығандар, запастағы офицерлер ел мүддесі үшін қызмет етуге дайын болу керектігін жеткізді. Амангелді Айталының сөзінше БҰҰ әлем елдерін босқындарды қабылдауға шақырса да, еліміз ол шешімді құптамайды. Себебі елде босқындарды қабылдау заңы жоқ.
Тәліптер Ауғанстанда тыныштық орната ала ма? Ауғанстандағы ұлттар арасындағы келіспеушіліктер күшейген. Ұлт- ұлтқа бөліну көзқарастары өршиді. Елде тәліптер жұмсақ саясатты ұстанса, бейбітшілік орнауы мүмкін. Алайда Ауғанстандағы ұлттар арасындағы келіспеушілік күшейген. Ұлт- ұлтқа бөліну көзқарастары өршіген. Сондықтан бұл жағынан саясаткерлердің ойы екіге бөлінді. Бұған дейін қатал саясатын ұстанған тәліптер, жұмсара қояды дегенге сенбейтіндерін жеткізді. Ауғанстанда жағдай күрделенгелі біздің мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша екі кеңес өткізді. Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Количество показов: 651
Дата создания: 17.08.2021 23:52:11
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>