Қазақ саңыраулар қоғамына жаңа мәдениет үйі қажет
Бізге Мәдениет үйі керек. Жарты ғасырлық тарихы бар қалалық қазақ саңыраулар қоғамының мәдениет үйі бүгінгі мерейтойында атқарушы билікке осындай тілектерін жеткізді. Мәдениет үйі атауы болғанымен, жарымжан жандардан құрылған өнерпаз ұжымдар көпқабатты үйдің 3 бөлмелі пәтерінде дайындық өткізіп жүр. Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін "Достық" үйінде салтанатты жиын өтті. "Рухы биік жандар" атты мерекелік концертте мәдениет үйі жанынан құрылған барлық шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сырт қараған адамға тыныштықта, өз әлемінде өмір сүріп жатқандай көрінетін қыз-жігіттер өз өнерлерін ортаға салғанда, ол қате түсінік екенін ұғынасыз. Қазір мәдениет үйінің жанында "Жалын" би ансамблі мен "Мы вас любим" клоунада театры жұмыс жасайды. Екі ұжымның да халықтық атағы бар. Республикалық байқауларда топ жарып, жүлде алған. Қалалық саңыраулар қоғамына 500-ге жуық адам мүше. Мәдениет үйінің директоры Раулия Нұржанованың айтуынша, мәдениет үйі- қоғам мүшелерінің жиі бас қосатын орны. Олар жұмыстан соң сергіп, бір-бірімен пікір алмасады. Мәдени шараларға белсене қатысады. Бүгін қоғам мүшелері мен мәдениет үйі басшылығын қалалық мәслихат депутаттары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық ұйымдар құттықтады. |
Количество показов: 2433
Дата создания: 19.09.2013 18:43:43