Қайырымдылық қоры балаларды қамқорлығына алды
"Үміт" балалар үйіне бүгін "Қамқор" қайырымдылық қорының өкілдері қонаққа келді. Құр қол емес. Балаларға сыйлық ала келді. Жеміс-жидек, киім-кешек, сусыннан бөлек, балаларға ойыншықтар да үлестірді. Қор директорының орынбасары Марина Анисифорованың айтуынша олар бүлдіршіндерді өз қамқорлықтарына алмақшы. Кішкентайлар үлкендерге деген алғысын тақпақтарымен білдірді. Ата-ана жылуына зәру балаларға көмек қолын созғысы келетін кәсіпкерлер көп дейді "Үміт" сәбилер үйінің директоры Қуаныш Сұлтанов. Мереке күндері азық-түлікпен қамтып тұратындар да баршылық. Бүгінгі шарадан соң "Қамқор" қорының өкілдері "Үміттегі" балаларды назардан тыс қалдырмай, қамқорлықтарына алатындықтарын айтты. Бүгінде сәбилер үйінде 112 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның біреуі ғана тұлдыр жетім. Бала асырап алғысы келетін қазақстандықтар саны артқан. Әсіресе, жас отбасылар-белсенді. "Үміт" балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың 90 пайызы жаңа отбасын тапқан. Қалғандары тастанды және туған ата-анасы уақытша бас тартқан бүлдіршіндер. Көп жағдайда әке-шешесі тумысынан дертке шалдыққандарды бауырына басқысы келмейді. Төрт жасқа толған балалар Алға балалар үйіне, ал денсаулығында кінәраты барлары арнайы мектеп-интернаттарға орналастырылады. Екі жылдан бері шетелдік азаматтардың қазақстандық сәбилерді асырап алуына тыйым салынған болатын. Жуырда бұл үрдіс қайта жанданды. |
Количество показов: 2958
Дата создания: 06.09.2012 19:06:00