Қайырымды жандар жоқ-жітік балаларға мектеп киімдерін сатып әперді
Сабаққа дайынбыз. Бүгін ақтөбелік жеткіншектердің бір тобы мектеп киімдері мен оқу құралдарына қарық болды. Қоныс колониясында жазасын өтеп жүргендер №40 мектептің оқушыларын сабаққа әзірлеуге жәрдемдесті. №40-мектеп директорының орынбасары Гүлмира Оразованың айтуынша, білім ордасында тұрмысы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, жетім, әрі қамқорлықтағы 207 оқушы бар. Оның 15-ін мектеп ұжымы қажетті құралдармен, киімдермен қамтыған. Мектептің қорынан тағы 600 мың теңге бөлінді, енді қалған оқушыға көмектесу керек. "Мектепке жол" акциясының шарапатын бүгін психикалық дамуы тежелген балалар көрді. Арнаулы мектеп-балабақшаға баратын 14 оқушыға облыстық жедел жәрдем ауруханасы, қан орталығы, балалар клиникалық ауруханасы, наркологиялық диспансер секілді медициналық ұйымдардың өкілдері мектеп керек-жарақтарын табыс етті. Тапқан ақшасы балаларының дәрі-дәрмегінен ауыспайтын ата-аналар үшін бұл үлкен көмек. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-балабақшада қазір 150 оқушы білім алып жүр. Оларға киім-кешек әлі де қажет. |
Количество показов: 3437
Дата создания: 31.08.2012 19:05:27