Аймақтың үздік ұстаздары марапатталды
Бұл жерге жиналған ұстаздардың дені аудандардан келген. Бір ауданнан бірнеше ұстаз бар. Алдымен мерекелік шара басталмас бұрын, ұстаздар көрікті алаңды аралап, демалыс орталығында салтанатты шараның дайындығын өткізді. Позитивті көңіл күйдегі ұстаздар ән салып, бірін бірі оқу жылының аяқталуымен құттықтап жатты. Биылғы оқу жылының да қиындықтары аз болмады. Су тасқыны кезінде ауыл мұғаліміне біршама салмақ түсті. Бүгін марапат иегері атанған Әлия Оспанова Шалқар ауданындағы Әліби Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры. 500 бала оқитын білім ордасында білікті ұстаздар қатары көбейіп келеді. Әр ұстаз өз ісінің шебері. Нәтиже де жаман емес, ҰБТ дан жоғары балл алған оқушыларымыз да жеткілікті. Бұл ұстаздар қауымыынң бірігіп атқаратын жұмысының нәтижесі,- дейді мектеп директоры. Облыста Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағына 33 мыңнан астам мүшесі бар. Биылғы жылды кәсіподақ "Лайықты еңбек жылы" деп атаған. Оқу ағарту , ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына да биыл 100 жыл толып отыр. Ғасырлық тарихы бар кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған бүгінгі салтанатты шарада бірнеше мғалімге еліміздегі шипажайларда демалуға жолдама берілді. 20 жас маман Бурабайға экспедициялық сапармен барып қайтатын болды. Мерекелік шараға қатысқандарға Алғыс хаттар табысталды.Количество показов: 350
Дата создания: 13.06.2024 05:45:19