Аймақта "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары жауынгерлерінің қатарына қабылдау басталды
Өңірімізде жастар саясаты басым бағытқа ие. Солардың бірі-"Жасыл ел" студенттер отряды. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жұмыспен қамту, жастарды табиғатта аялауға баулитын дәстүрлі шара биыл да ережесінен жаңылған жоқ. 1856 жас жұмыспен қамтылмақ. "Атамекен" студенттік құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасақтары , қосымша табыс көзін табумен қатар, шаһарымызды жасыл алапқа айналдырып, экологиямызды реттеуге үлес қосары анық. "Жасыл елге" 16 мен 35 жас аралығындағы жастар тартылады. Әсіресе ақшаға мұқтаж жастарға басымдылық берілмек. Бүгіннен бастап өтініштер қабылданады. Жасақ өз жұмысына 1-маусымда кіріспек. Жастар саясатымен айналысатын ұйым өкілдерінің айтуынша, ақтөбелік жастар қай жағынан алса да белсенді. Ал "Жасыл ел" жасағының құрамыне кіріп, еңбек етемін деушілердің қатары жыл санап өсіп отыр. Биыл жас санитарлардың айлығы да өседі. Мәселен, көгалдандыру бағыты бойынша жұмыс істеп жүргендерге 130-140мың теңге төленсе, абаттандыру, құрылыс жұмыстарына атсалысқандардың айлығы 150-160 мың теңге болмақ.Количество показов: 299
Дата создания: 05.04.2024 06:10:40