Аязды күндері көше кезбелері қайда барады?
Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта бұрынғыдай орын тапшылығы байқалмайды. Күн суыта бастаса, бүгінгідей қатты аяздарда бұрын мұнда ине шаншар орын болмай қалатын. Қазір жағдай мүлдем өзгерген. Бірақ, далада барар жері болмай үсіп қалатын үйсіз жандар жоқ. Оларға есік ашық , дейді орталық басшылары. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта 65 орын бар. Қазір мұнда уақытша тұрып жатқан 45 адамның құжаттары дайындалып, оларды қоғамға бейімдеу жұмыстры жүргізіліп жатыр. 6 адам жақында қарттар үйіне жіберіледі, олардың құжаттары толық дайын, дейді орталы мамандары. Осыдан 10 жыл бұрын қалада ішімдікке салынған жандарды қабылдайтын түнгі орталық ашылған еді. Қыста қатты аяз күндері баспанасыз жандар осы орталыққа келіп жылынып кетеді екен. Мұндай орталықта келушілерге жылы төсек әзір.Количество показов: 258
Дата создания: 15.01.2024 21:36:42