Аялдама павильоны мен жарығы жоқ көше
Ала жаздай Мәңгілік ел көшесіне асфальт жол салған компания да жұмысты созып жүріп алған. Ақырында аялдама да, тротуар да салынбай қалды. Қыс түсіп кеткен соң , электр бағаналарын салып та үлгермепті.Мәңгілік ел көшесінің тұрғындары жол салынғанымен, оның айналасының астан-кестен болып жатқанына наразы. Жолды бойлай жер астынан құбырлар мен элктр сымдары тартылған. Жұмыс біткен соң жолды тегістеп те кетпепті. Тұрғындар аяқ алып жүре алмай жүр.
Тұрғындар кешкілік мектептен шығатын балаларымыз үшін уайымдаймыз, дейді. Көше тас қараңғы, жүргіншілер жолағы да жоқ, тротуар да тартылмаған. Мәңгілік ел көшесімен жүретін бір ғана қоғамдық көлік № 25-ші автобусты да жолаушылар ұзақ күтіп қаламыз деп отыр. Автобус тосқан жолаушыларға ық болатын аялдама да жоқ. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова жоба аясында тротуар, суағар тарту да, жарық жүргізу мен аялдама салу қарастырылғанын жеткізді. Жоба келесі жылы толық аяқталады, деп отыр.
Количество показов: 20
Дата создания: 21.12.2024 07:40:32