Аяқталмаған жол құрылысы
Бұл Оңтүстік-Батыс ауданындағы Қазақай Ахун көшесінің тұрғындары. Сөздерінше, заман өзгергенімен, олардың көшесі бәз-баяғы қалпында. Асфальт жоқ, жаңбыр жауса балшыққа батады. Ал, топырақ жолды тұрғындардың өздері жыл сайын шағал таспен жамап келеді екен. Былтыр мердігерлер көлік жүретін көшені қазып, құбырларды жаңарпақ болған. Алайда жөндеу жұмыстарынан кейін жолды қалпына келтірмеген. Қара жер жауын-шашынға төьеп бере алмай, опырылып қалған. Опырылған жолдың зардабын тұрғындар мен қоса көлік жүргізушілері де тартуда. Тұрғындар жүйткіген жүргізушілер ақауды байқамай, апатқа ұшырай жаздайды, дейді. Жол сапасын тексеруге шыққан Антикор инспекторлары мердігерлерге ескерту жасады. Ал мердігерлер қазір ақау шыққан жол бөлігіне топырақ төселді деп сендіреді. Айтуларынша, асфальттауға әлі ерте.Қазақай Ахун көшесінің ұзындығы 1 км 300 метр. Мұнда қазір жол құрылысы жұмыстарына дайындық басталды. Ал жерді қазып, тұрғындарға кесірін тигізіп кеткен мердігер күздің ортасына қарай ақауды жоятындығын айтты. Бірақ датасын нақтыламады.Количество показов: 292
Дата создания: 20.07.2024 14:12:39