"Автопарк" ЖШС жүргізушілері бүгін басшылығын ескертпестен жұмысқа шықпай қалды
Қазір жүргізушілердің жалақысы 120-300 мың теңге аралығында. Олардың еңбекақысы жұмыс жүктемесіне қарай есептеледі. Бүгін жұмысқа шықпай қалған 80 жүргізушінің бәрінің де картасы жоқ деуге келмейді. Кейбірі бір-бірін қолдап, осындай әрекетке барып отыр. "Автопарк" ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесовтің сөзінше, бұған дейін картасы жоқ жүргізуішілер қолма-қол ақша алса да, мәселелерін шешуге әрекет етпеген. Айта кету керек, шілде айының жалақысын наразылық акциясына қатысқан жүргізушілердің 40-50 пайызы алмаған. Еңбек инспекциясының өкілі Талғат Искарин "Автопарк" ЖШС-нің жұмысшыларынан арыз-шағым түспегенін айтады. Себепсіз, негізсіз жұмысқа келмегендерге тасымалдаушы компания басшылығы тәртіптік жаза қолдана алады. Қалабасының орынбасары Қуандық Қасымов жақын арада тасымалдаушы компанияға мемлекеттен субсидия бөлінетінін жеткізді. Келісім осы жылдың қыркүйегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен "Автопарк" арасында жасалады. Тұрғындарға қызмет көрсету жақсарады. Сондай-ақ әкімдік қалада үшінші тасымалдаушы компания пайда болады деді. Қазан айында қалалық бағыттарда 50 жаңа автобус шығарылады деген жоспар бар.
Количество показов: 686
Дата создания: 19.08.2021 18:39:23