"Автопарк" 17 автобус сатып алды
Қаламыздағы қоғамдық көліктер қатары сыйымдылығы жоғары тағы да 17 автобуспен толықты. Құны 8 млн. теңгені құрайтын автобустар Ақтөбеге көршілес Қытай елінен жеткізілген. Бір мезгілде 110 адамды тасымалдауға қауқарлы "ЖАК" автобустары ¹1 бағытта жолға шықты. Ақтөбеге қытайлық автобустар бірінші рет әкелініп отырған жоқ. Осыдан 4 жыл бұрын да аспанасты елінен дәл осындай ЖАК автобустарының 50 данасы біздің қаламызға жеткізілген болатын. Тек соңғылары алғашқы тетелестеріне қарағанда ұзындықтарымен ғана ерекшеленеді. Мәселен ¹21 бағытта жүрген ЖАК-тардың ұзындығы 10,5 метр болса, қазіргі әкелінген ЖАК-тардың ұзындығы оларға қарағанда 1 метрге артық. Осыған сай соңғыларының сыйымдылықтары да жоғары. Қазір тозығы жеткен немістің 11 МАН автокөлігі қоғамдық көлік бағыттарынан алынып, күрделі жөндеуден өтуде. Ал кейін жөндеуден өткен соң бұл автобустар қала сыртындағы бағыттарға жіберілмек. |
Количество показов: 2876
Дата создания: 08.08.2012 18:16:49