Автокөліксіз 1 күн
Көліксіз 1 күн. Акцияға қатысушылар саны көп болмаса да, еліміздің әр аймағынан қолдаушылар табылды. Автомобильдерін тұраққа қойып, орнына велосипедке немесе самокатқа отырып, видео түсіру-бұл акцияның шарты болатын. Тіпті діттеген жерімізге жаяу жеттік дегендер де бар. Осылайша, қазақстандықтар экологиямызды жақсартуға үлес қосты. Қаламызды қара түтінге оранып жүретін автокөліктер жеткілікті. Олардан қоршаған ортаға келер зиян да ұлан ғайыр. Дизель отынын тұтынатын жолаушы тасымалдаушы көліктердің ауаны ластаудағы зияны шаш етектен. Ал экологтардың айтуынша, автобустардың қоршаған ортаны ластауы сапасыз дизель отыны мен көліктердің тозығы жеткендігімен тығыз байланысты. Салдарынан зиянды қалдықтар таза ауаға тарап, адам денсаулығына қауіп әкелуде. "Біргеміз таза әлем" акциясы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. Табиғат жанашырлары осылайша таза ауаның адам денсаулығына қаншалықты маңызды екенін көрсетпек.Количество показов: 305
Дата создания: 23.07.2024 05:49:38