Автобустар әр рейс сайын залалсыздандырылады
"Автопарк" ЖШС бүгін залалсыздандыру шарасы жөнінде емес басқа мәселені жеткізу үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Ертеңнен бастап №6 және №25-ші автобустар жаңартылған кестемен қатынайтын болады. №6-шы бағыт Шанхай мен Батыс-2 ауданының арасын жалғайтын болса, №25-қоғамдық көлік Батыс-2 ауданы мен көне қала арасында байланыс орнатады. Әзірге әр бағытта ресейлік "Паз" маркалы 4-5 автобустан қатынайды. Алдағы уақытта қажеттілік туындап жатса, қоғамдық көліктер санын арттырамыз деп отыр. Сондай-ақ, жақын күндері №38-ші бағыттағы автобустың да қозғалыс кестесі оңтайландырылады. Ол "Заречный-4" пен көне қала арасында қатынайды. №43-ші автобус қазір Сазды ауылындағы "Бауырластар-1", "Бауырластар-2" тұрғын үй массивтеріне жолаушы тасып жүр. "Автопарк" ЖШС-інің автобустарына да электрондық билет жүйесі енгізілгелі жатыр. Валидаторлар осы айдың соңына дейін №1, 11, 3, 12-ші бағыттағы қоғамдық көліктерде іске қосылады. Кейін сатылай өзге автобустар да осы жүйеге көшіріледі. "Автопарк" қарамағында 420 автобус бар. Күніне оның тең 230-250-і ғана рейске шығады. Күн сайын 30-50 автобус жөндеуге қойылады. Жазға таман мекеме паркі үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустармен толығуы мүмкін.
Количество показов: 842
Дата создания: 12.03.2020 18:48:44