Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Өткен сенбіде ауыл дәмін татқысы келген халық "Табыс" коммуналдық базарынан табылды. Әсіресе ақтөбеліктер мұнда жаңа сойылған мал етін молынан сатып алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге жеткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы қатаң қадағаланған. Әсіресе ет өнімдері арнайы сараптамадан өткен. Алайда құжаты жоқ саудагерлер де табылды. Дүкен сөрелерінде келісі 150-200 теңгеден тұрған пияз жәрмеңкеде 70 теңгеден сатылды. Картоптың келісі 85-120 теңге, сәбіз 125 теңге. Жұмыртқаның бірінші санатының 1 данасы - 34 теңге болса, ал 2-ші санаты 31 теңгеге саудаланды. Сондай-ақ, келесі сенбіде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі "Табыс" коммуналдық базары мен "Рамазан" комбинатында өтетін болады. Оған 12 ауданның шаруалары қатысады.
Количество показов: 1198
Дата создания: 19.04.2021 18:22:57