Ауылшаруашылығы саласына бөлінген қыруар қаражат қолды болып жатыр
Облыстық өңірлік комуникация алаңында Агроөнеркәсіптік кешені саласында жымқыру деректеріне қатысты брифинг өтті. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,5 млрд теңгені құрап, оның 105 млн-ы өтеліп, 291 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Ағымдағы жылы залал мөлшері 60 млн теңгені құрайтын 2 қылмыс анықталды, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.Қобда ауданы маслихатының депутаты болған азамат «Қобда Агро» шаруа қожалығы атынан, сенімхат негізінде, алаяқтық мақсатында, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кредиттік желі ашу туралы өтінішпен «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалына жүгінген. Ол қожалықтың кепіл мүлкі туралы жалған ақпарат ұсынып, 600 бас ірі қара мал сатып алуға берілген 390 млн теңге көлеміндегі кредиттік қаражатты заңсыз алған.Количество показов: 355
Дата создания: 21.06.2024 07:01:55