Ауылдарда мәдениет үйі жоқ
Облыста 485 мәдени мекеме бар. Алайда бұл аздық етіп отыр. Әсіресе, шалғайдағы ауылдардың мәдени тірлігі ақсап тұр дейді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Нәзира Тәбелдинова. 800-ден астам тұрғыны бола тұра, бір мәдениет үйіне зар болып отырған ауылдар жетерлік. Олардың қатарында қаланың іргесіндегі ауылдар да бар. Мысалға Хлебодар, Нокин, Хромтау ауданындағы Дөң ауылдары. Мәдениет мекемелерінің техникалық базасының жағдайы да мүшкіл. Жабдықталуы нашар. Әлі күнге өзгенің ғимаратын жағалап жүрген мәдени ошақтар бар екен. Мамандар мәселесі де сөз болды. Театрлар білімді режиссерлерге зәру. Облыста 241 кітапхана бар. Соңғы үш жылда кітап қоры 210 мың әдебиетпен толыққан. Бірақ, қазақ оқырмандары ана тіліндегі әдебиеттен тарығып отыр. Облыстағы барлық кітап қорының 30 пайызы ғана қазақ тіліндегі шығармалар. Мәселелерден бөлек, жоспарлар да талқыланды. Қазақ музыкалық драма театры,облыстық тарихи-өлкетану мұражайлары бой көтереді. |
Количество показов: 2602
Дата создания: 12.09.2012 19:57:43