Ауыл тұрғындары кәсіпкер болуға ынталы
Шағын несие ал да шаруаңды келістір. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жұмыссыз ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік туды. Бағдарлама арқылы 30 млн теңге көлемінде шағын несие алып үлгерген бірқатар кәсіпкерлер өз істерін бастап, халыққа қызмет етуге кіріскен. Тамыз айынан бастап аталған мемлекеттік бағдарламаның бағыты өзгерді. Жұмыссыз ауыл тұрғындары мемлекет назарында. Екі қолға бір күрек таппай сергелдеңге түскендердің еңбек өтілі емес, бизнес жоспарына сұраныс бар. Енді өз кәсібімді ашсам деп армандап қана қоймай, оны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасына енгізілген тың бағыттардың бірі осы. Жұмыссызбын деп енжарлық танытпай тың идеяларына ерік бергендер ұтады. Үміткерлер міндетті түрде ауыл тұрғыны болуы керек. Егер бағдарлама талабына сай болса курстарда оқиды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының тағы бір тармағы жастардың еңбек тәжірибесіне жол ашу. Жастар тәжірибесі уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады дейді мамандар. Түлектерге бастапқы алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік мол. Оған жалақы да төленеді. Талапкерлердің жастар практикасына қатысу мерзімі он екі ай. Қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап түлектердің құжаты қабылдана береді. |
Количество показов: 2127
Дата создания: 09.09.2013 18:16:50