Ауыл кәсіпкерлеріне "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы дұрыс түсіндірілмеген
Ауыл кәсіпкерлеріне "Бизнестің жол картасы- 2020" бағдарламасы туралы мағлұмат дұрыс жетпеген. Бұл ақпарат облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік Кеңесінің отырысында мәлім болды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов атқарушы орган өкілдеріне ескерту жасады. Ақтөбе "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша республикада үшінші орынға табан тіреген. Бұл былтырғы жыл көрсеткіші. 2010 жылдан бері аталған бағдарлама бойынша 33 кәсіпкерлік нысанға мемлекет қаржылай көмек көрсеткен. Ауыл кәсіпкерлеріне "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы дұрыс түсіндірілмеген. Бұл туралы Кеңес отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатаң ескерту жасап, атқарушы орган қызметін сынға алды. Кәсіпкерлікті дамытуда Ырғыз ауданының шаруалары белсенділік танытып келеді. Сондай - ақ басқосуда "Агробизнес-2020" бағдарламасы насихатталды. Өңірімізге 2020 жылға дейін осы бағдарлама аясында 3 млн теңге қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Бизнестің жол картасына сай откен бес ай көлемінде облыс бойынша 60 кәсіпорынға қолдау жасалды. Инновациялық гранттарға қатысуға мүмкіндік берілген. |
Количество показов: 2220
Дата создания: 18.06.2013 19:56:38