Қауіп сейілер емес. Эвакуация жалғасуда.
Ақтөбеде су тасқынының зардабы бітер емес. Әсіресе бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына қиын. Бұл аумақтарда әлжуаз топ, көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен жетім-жесірлер көп. Мәселен, "Вагонное депо" бау-бақша ұжымын түгел су басқан. Тұрғындардың жалғыз үміті жергілікті билікте. Біз аралаған отбасылардың бірінде отағасы мүгедек, бірі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отыр. Онсыз да жағдайы мәз емес халыққа тағы сынақ түскендей.Салтанат Аңдызбаеваның 6 баламен қаңғып жүргеніне 2 апта болыпты. Бұған дейін №6шы мектепті паналаған отбасы, үш күннен бері осында. Су тасқынының кесірінен көп балалы ана үйсіз отыр. Былтыр ғана салып алған баспанасы тұруға жарамсыз. Ал отағасы мүгедек. Тасқыннан зардап шегіп, үйлері суға кеткен тұрғындар үйлерінің тұруға жарамсыз болып қалғанына қапалы. Шырттай бала-шағамен қайда барамыз деп шырылдайды. Бар үмітіміз үкімметте,-дейді шырылдаған халық.Количество показов: 396
Дата создания: 09.04.2024 00:41:43