Ауған соғысының ардагерлері донор болды
Орталыққа 30-дан аса ардагер жиналды. Соғыс көрген қаруластар қан тапсыру - азаматтық борышымыз, дейді.
Қазір облыста 960 ауған соғысының ардагері бар. 760 ардагер қалада тұрады. Солардың бірі, қан орталығының дәрігері - Камаладин Сақтағанов. 51 жастағы ауған соғысының ардагері жауынгер-интернационалистердің бастамасын қолдап, бірге қан тапсырды. Камаладин Сақтағанов Ауғанстанның Бадахшан елді мекенінде болып, 1989 жылы ауған жерінен Кеңес Үкіметінің әскерін шығаруға қатысқан. Ал медицина саласында еңбек еткеніне 20 жылдан асты.Қан тапсыру үшін донор алдымен медициналық тексеруден өтеді. денсаулығында еш кінәрат болмауы шарт. Сараптамадан сәтті өткен адамнан 450 грамм қан алынады. Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, індетке байланысты ақтөбеліктер арасында қан тапсыру 13 пайызға азайған. Десек те, мамандардың айтуынша, қан қоры жеткілікті. Донорлар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Қалада қан тапсыратын 7 мың тұрғынның 60 пайызы тұрақты донорлар.
Количество показов: 722
Дата создания: 06.10.2020 19:15:30