Ауған соғысының ардагерлері қайырымдылық жасады
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 25 жыл толады. Осы датаға орай ақтөбелік ауған соғысы ардагерлері қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр. Бүгін "Боевое братство" қоғамдық қоры өкілдері қалалық мүгедектерді қолдау орталығына су жаңа сырт киімдерді сыйға тартты. Қол арбада отырған Сымбат Нағметова жас ана. Бүлдіршіні қасында шауып жүр. Денсаулығы болмағандықтан жұмыс жасамайды. Мұндай отбасыларға қалалық мүгедектерді қолдау орталығы демеу. Оған қоса жан-жақтан көрсетілетін қайырымдылық көмектер бар. Сымбат Нағметова балама болсын дейтін аналардың бірі. Өзіне ақша жұмсай бермейді. Бүгін ақтөбелік ауған соғысы ардагерлері алып келген сырт киімдер ішінен өзіне жарасымды күртеше таңдап, киді. Амангүл Ілиясова да жалғызбасты ана. Ол да бүгін қайырымды жандардың көрсеткен көмегі арқасында сырт киімді болып қалды. Суық күзді еш қиындықсыз қарсы алатын болды. "Боевое братство" қоғамдық қоры қайырымдылық шараларын мектептерде, жетімдер үйінде, қарттар үйінде де өткізіп жүр. Бұл істі абыроймен атқаруға араларындағы кәсіпкерлікпен айналысатын ауған соғысы ардагерлері септік етіп жүр. Меценаттардың бірі Алтынбек Сүйіншалин 1986-88-ші жылдары Ауғанстанда әскери борышын атқарған. Бір қайырымдылық акциясын өткізу үшін ол жарты миллион теңгеге дейін шығынданады. Бірақ, су жаңа сырт киімдерді тегін таратады. Шығынды ол қаруластарымен де бөліспей, бір өзі көтеріп жүр. |
Количество показов: 2132
Дата создания: 12.06.2013 18:53:36