"Атқылама-2013" оқу-тактикалық жиыны өтіп жатыр
Бүгін "Атқылама-2013" аумақтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Шара жыл сайын өткізіліп тұрады. Оқу жиынына бес өңірдің "Ақберен" атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлімінің филиалдары қатысып жатыр. Екі күн бойы құтқарушылар берілген тапсырма бойынша газ және ашық мұнай атқыламаларын жою, жаңа техниканы меңгеру сынақтарын тапсырады. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы құрылымына 17 филиал кіреді. Бүгінгі оқу-тактикалық жиындарына соның бесеуі ғана қатысып отыр. Себебі, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы филиалдары ғана мұнай-газ өндіру нысандарында атқыламаға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі жиын кезінде "Ақберен" атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлімшелерінен жасақталған командалардың өндірістік апатқа дайындықтары пысықталды. "Атқылама-2013" оқулары бірнеше кезеңде өтті . Әрбір филиал - бір команда. Құрамында 8 адамнан. Қатысушылар жиынды тек жаттығу деп қабылдамасы үшін, барынша шынайы өткізуге тырысты. Ол үшін "Ақберен" атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлімшесі Ақтөбе филиалының полигонында жоғары қысымда атқылап жатқан ұңғымаға НГ-25 қондырғысын орнату, стингер қондырғысын пайдалану тәсілі, құбырларды кесу, ұңғыманың құбыр өтетін жолдарын герметизациялау, гидравликалық құбыр кесу қондырғыларында сынақ өткізді. Апат айтып келмейді. Сондықтан, кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек дейді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің мамандары. Оқу-жаттығу жиындарынан соң төрешілер бөлімшелердің тапсырмаларды орындау, апатты жағдайларда әрекет ету шеберліктеріне баға береді. |
Количество показов: 2210
Дата создания: 20.06.2013 19:28:46