Қатқан нан өнімдері кәдеге жарайды.
Темірлан Махмедұлы қоқыста шашылып жатқан нан қалдығын көріп, шара қолдануды ойлайды. Кейін оған нанды қайта өңдеп, кәдеге жарату идеясы келеді. Кәсіп бастамас бұрын осы нарықты бір жылдай зерттепті. Шаһарымыздың өзінде бұндай жәшіктер 50 ден астам орналастырылған. Бұл идеяға 2 млн кетті. Айына 4 т жуық нан өнімін арнайы дайындап жеке қожалығыма және өзгеде қожалықтарға жем ретінде сатамын дейді кәсіпкер.Нан қалдығынан мал азығын әзірлейтін әлеуметік жоба әзір жегілікті билік тарапынан қолдау таппапты. Егер қолдау болса, кәсібімді дөңгелетемін, дейді шаруа. Әзір нан қалдықтарына арналған жәшіктер Астана ауданында орналасқан бірнеше көшеде ғана бар. Ақтөбеліктер бұған дән риза. Өйткені ас атасын қоқысқа тастау-нағыз қорлық, деп есептейді халық. Нан қалдықтарын қайта өңдейтін цех Темірланның өз ауласында екен. Кәсіпкер Қурайлы ауылында тұрады. Әлеуметтік жобаны былтыр сәуір айында бастаған. Темірлан Махмедұлының ақтөбеліктерге айтары бар. Ас атасы ысырап қылмай, аяқ астына таптамай арнайы жәшіктерге салса екен деген тілек.Количество показов: 270
Дата создания: 17.01.2024 00:18:43