Ғасырлық тарихы бар басылым
Облыстың айнасына айналған "Ақтөбе" газетінің ғасырлық жолында газеттің атауы 7 рет өзгерген. Алғашында "Кедей" атауымен шығып, кейін "Алға", "Батыс Қазақстан", "Социалды жол", "Социалистік жол", "Коммунизм жолы" және "Ақтөбе" атауымен тұрақтады. Ғасырдың биігіне шыққан газет қоғамға қазақ тілінде ақпарат таратады. Республикадағы танымал басылымдардың біріне айналған бұл газеттің өзіндік тарихы, жүріп өткен жолы мен жетістігі бар. Музейде «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған «Ақтөбе» газеті – «Жүз жыл жылнамасы» көрмесі ұйымдастырылды. Замануи технологияға жетпей тұрып газет қалай шықты? Бүгінгі көрмеге ескі станоктар, машинкалар да қойылған. Сондай-ақ, ескі газеттердің түпнұсқалары тұр. Шежіреге үңілсек: 1924 жылғы 7 маусымда газеттің тұңғыш саны төте жазумен яғни, араб әліпбиімен «Кедей» деген атпен жарыққа шықты. Таралымы - 600 дана болған. Ал, 1990 жылғы 12 қазанда облыстық газет «Ақтөбе» атауын алды. Кезінде Ақтөбе газетінде өңірден шыққан қаламгерлер осы газетке өз мақалаларын беріп, газеттің одан әрі дамуына ат салысқан.Қай қоғамда да баспасөздің алатын орны ерекше. Қазір «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінде 10 нан астам журналист пен техникалық қызметкерлерді есептегенде 20 дан астам маман жұмыс істеп жүр.
Количество показов: 18
Дата создания: 21.12.2024 07:43:30