Астана ауданында 14 апатты үй бар
Қала бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру науқаны басталды. Бүгін Астана ауданы әкімі Баянбек Қырықбаев кезекті рет тұрғындармен кездесті. Алдымен атқарылған жұмыстарды қорытындылап, кейін сұрақтарға жауап берді. Дегенмен, қалалық оқушылар сарайында өткен жиынға жиналғандар аз. Ауданның 1-2 мәселесін алға тартып саусақпен санарлық тұрғын ғана келіпті. Баянбек Қырықбаевтың сөзінше, ауданда су тасқынына қарсы кешенді іс-шараларды жүргізіліп жатыр. 63 көше қардан тазартылады. Олар Тұрғындар қалашығы мен Мәскеу шағын ауданындағы көшелер. Аумақта жалпы 36 155 метр арық орналасқан. 30 900 метрге жуығы - ашық арық.Астана ауданында 321 мың тұрғын бар. Ауданның жалпы аумағы 64 мың гектардан асады. Қалада апатты 40 үй болса, соның 14-і осы ауданда. Дәлірек айтсақ, Шанхай мен тұрғындар қалашығы аудандарында. Тұруға жарамсыз үйлердің тұрғындарына алда кезекпен баспана берілмек. Тағайындалғанына 2 ай болған әкім ауданның санитарлық тазалығы туралы да айтты. Тұрғындар қалашығы ауданының тұрғындары үшін ауданның санитарлық жағдайы маңызды. Бұл жақтағы тазалыққа 2 мердігер мекеме жауапты. Былтыр 64 қоқыс алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 844 еуроконтейнер сатып алынған. Қазір жартысы қолданысқа берілді. Қалғаны қорда сақтаулы.Аудан аумағында қоғамдық көлікпен 29 бағыт бойынша 4 компания жолаушы тасымалдайды. Былтыр 213 автобус жаңартылды. Биыл 100 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Ал, Астана ауданында 34 мың жеке және заңды тұлға тіркелген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын арттырмау үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, дейді әкім. Тұрғын үй айналасындағы азық-түлік дүкендерінің иелерімен 100 меморандумға қол қойылған. Бағаны негізсіз өсірген 16 дүкен иесіне айыппұл салынды. Аудан басшысы білім саласына да тоқталды. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 5 300 орындық 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Биыл ауданда жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы басталады. 35 мың орындық орталық стадион салынады. Баянбек Қырықбаев есеп беру кезінде өзгертілетін көше атаулары, қаңғыбас иттер, жаяу жүргіншілер жолдарын салу жайында да ақпарат берді
Количество показов: 237
Дата создания: 12.02.2025 08:14:17