Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 жыл.
"Ән абызы Ғарифолла". Осындай атаумен бүгін облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтың 115 жылдығына арналған "Ән абызы Ғарифолла" атты әдеби әуен кеші өтті. Кешке әншінің шәкірті, мәдениет қайраткерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.Кешке өнер зерттеушісі, әнші Бөрібай Кәртен Ғ.Құрманғилевтің шәкірті. Айтуынша, ұстазының 1000 нан астам еңбегі бар. Музыка саласындағы еңбегімен қоса, дара тұлғаның актерлік шеберлігі де болған. Ал Ғарифолла Құрманғалиевтің әндері әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан музейлерде сақтаулы. Ғаpифолла Құрманғалиев 1909 жылы 1-қаңтарда қазіргі БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақкөл елді-мекенінде өмірге келген. Жастайынан әке-шешесінен айырылып, ағаларының қолында өседі. Бала күнінен ән өнеріне жаны жақын Ғарифолла өзінің талантымен талайды тамсандырып жүрген. Әншінің «Айнамкөз», «Ақ кербез», «Боз жорға», «Үлкен айдай» сынды әндері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, қазақ музыкасының алтын қорына айналды.Количество показов: 408
Дата создания: 19.01.2024 01:07:35