Қардан кейін жолдардағы шұрық-тесіктер қылаң берді
Қар кеткелі көлік тізгініндегілер әбігерге түсті. Кей көшелердегі жолдың жағдайы сын көтермейді. Ойылып қалған тұстарына су жиналып, темір тұлпарларға кесірін тигізуде. Ал кеше жауған жаңбырдың соңы мұздаққа ұласып, жолдарда көктайғақ қалыптасқан. Былтыр қаланың ешқашан жөндеу көрмеген көшелері бір жаңарып қалғаны белгілі. Жүргізушілер биыл да бұл шаруаның қайта қолға алынғанын күтіп жүр. Темір тұлпарлар жолдың өн бойындағы тізеден келетін шұңқырларға түсіп кетпеу үшін, жиекпен шаңғытып жүруге мәжбүр. Жолдың тегіс тұсынан шықса, қарсы бағыттағы көлікпен бетпе-бет келеді. Жол апатынан аман шығу үшін де жылдамдықты мейлінше азайтып, тасбақаша қимылдауға тура келеді. Дұрыс тапталмаған жол ылғалдан шөгіп, көліктер су кешуге мәжбүр. Кешелі бері жауған қар аралас жаңбыр қала көшелерін басып салмаса да арнаулы техникалар өз істеріне таңнан кірісті. Синоптиктердің болжамынша, аптаның соңына дейін ауа - райы мың құбылып, қар соңынан боран, көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Оңтүстік - батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Сенбі күні ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Облыстық ТЖ департаменті осы күндері қауіпсіздікке аса мән беру керектігін құлаққағыс етеді. |
Количество показов: 2090
Дата создания: 26.03.2013 18:34:26