Ардагерлер дала асханасынан дәм таты
Жеңістің 68 жылдығына арналған мерекелік шара ҚР тұңғыш президенті атындағы саябақта да өтті. Мереке иелері - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары соғыс жылдарындағы әуендерді шырқады. Ардагерлермен бірге қала тұрғындары далалық асханадан дәм татуға мүмкіндік алды. Жеңістің 68-ші таңын Өтеш ата тұңғыш президент атындағы саябақта қарсы алуды ұйғарыпты. Тоқсанға таяп қалғанына қарамастан, тың. Бізді ерте есейткен- соғыс дейді қария. 18 жасында майданға алынып, қолына қару асынған жас жігіт Курск түбіндегі шайқасқа түседі. Ұрыс алаңында байланысшы болады. 1945 жылдың тоғызыншы мамырын Германияның Дрезден қаласында қарсы алған. Елге оралған соң, ауыл шаруашылығы саласында тер төккен. "Соғыс" деген жаманат хабарды естігенде Нұрғайша апа тұлымшағы желбіреген қыз болатын едім деп көзіне жас алады. Әлі күнге есімде, жаманат хабарды естірте келе жатыр ма деп үрейленетін едік дейді. Айтуынша, екі бірдей бауыры Волгоград түбіндегі соғыста қаза тапқан. Жастығына қарамастан, анасына қамқор болып, еңбек еткен. Бүгінгі ұрпақ соғыс туралы тарихтан оқып-білгенімен, кинокартиналардан көргенімен шектеледі. Далалық асхана мен Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты курсанттарының қойылымдары тек балалардың ғана емес, үлкендердің де қызығушылығын тудырды. Сарбаздармен естелік суретке түсуге, майдангер ботқасынан ауыз тиюге кезекке тұрды. Әскери институттың аспазы Георгийдің айтуынша, бүгінгі ботқаны дайындауға 36 келі қарақұмық, 2 жәшік консервіленген ет, 7 келі жуа, 10 литр сұйық май кеткен. Майдангерлердің мәзірінде ботқамен қоса, қара нан, шәй және 100 грамм ішімдік бар. |
Количество показов: 2111
Дата создания: 09.05.2013 17:09:44