Қарауылкелді ауылында тұрғындар бір біріне оқ атқан
Қарауылкелді ауылының тұрғындары араларындағы жанжалды қарумен шешті. Нәтижесінде дауласқандардың бірі иығынаy оқ жарақатын алса, екіншісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қарауылкелді ауылында тұрғындар айдың күні аманда бір біріне оқ атты. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі міндетін атқарушы Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша оқиға кеше болған. Жергілікті тұрғын алдымен ауылдасын соққыға жығыпты. Кейін зардап шегуші Атыраудан келген досын ертіп, қол көтерген азаматтың үйіне кек алмаққа барған. Алайда, тағы да таяқ жеп қайтты. Бұл жолы бұзақы жігіт атыраулық мейманға қару кезенген. Оқтың ұшы иығына тиген атыраулық қонаққа Байғанин аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетіп, денсаулығына қауіп төнбеген соң, үйіне жіберген. Қазір жанжалдасқандардың үшеуі де ауылда. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бір басына екі қару ұстаған жігіттің құжаттары түгел, қару ұстауға рұқсаты бар, дейді Ерболат Сарқұлов. Ал, жеке серіктестіктерінің біріне тиесілі автобус жүргізушісі көлік басқару құжатынан айырылуы мүмкін. 56 жастағы жүргізуші сәуірдің онында Есет батыр көшесіндегі бағдаршамы жоқ қиылыста 10 жастағы қызды автобуспен түйіп кеткен. Бұл жыл басынан бері балалар зардап шеккен 27-ші жол-көлік апаты. Нәтижесінде 27 жеткіншек жарақаттанған. |
Количество показов: 2591
Дата создания: 12.04.2013 18:55:47