Қаратал мен Екпеталдың тұрғындарына үй салынып беріледі
Топан су Ойыл ауданының 2 ауылын басып алды. Оның бірі Ш.Берсиев ауылына қарасты Қаратал ауылы болса, енді бірі Екпетал ауылы. Жалпы Ойыл ауданында 340 үйді су басқан. 50 - ге тарта үй әлі қарғын судың астында жатыр.Қазіргі таңда аймақта Президент тапсырмасына сәйкес жаңа тұрғын үйлерді салу мақсатында жер учаскелері таңдалынып алынып жатыр. Жоспарға сүйенсек, Ойыл ауданында 482 -690 учаскелері аралығында жатқан бос орындар бар. Екпетал ауылының тұрғындарына осы учаскелерде тұрғын үй салынуы керек. 200 - ден астам учаске белгіленген. Бұдан бөлек аймақта 1500 орындық мектеп пен балабақша салу жоспарланып отыр.Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындары назардан тыс қалмайды. Оларға құны 22 млн теңгені құрайтын 80 шаршы метрлік тұрғын үй және жалпы құны 44 млн теңгені құрайтын 160 шаршы метрлік екі пәтерлі үй салынатын болады.Количество показов: 426
Дата создания: 10.04.2024 05:53:46